
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль үшін күресетін болды.
66 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Ким Чан Ёнге қарсы белдесуде жеңіліп қалған еді.
Дегенмен жұбаныш кезеңінде Серікбаев моңғолиялық Ёлка Казирбыйектен басым түсіп, үшінші орын үшін белдесуге жолдама алды.
Қола медаль үшін өтетін белдесуде оның қарсыласы кейін анықталады.



