
Ақтауда өткен жолдастық кездесуде Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжан футзал құрамасы командасын 9:2 есебімен жеңді.
Ойын барысында қазақстандықтар басымдық танытып, шабуылда нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленді. Гол авторлары қатарында Лео Игита, Әбдірасул Абдуманапұлы, Альберт Акбаликов, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Ақеділ Мадияров және Арнольд Кнауб бар.
Әзербайжан құрамасы сапында Новруз Казыханов пен Октай Рустамли гол соқты.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 15 сәуір күні Ақтауда өтеді.



