
Теннистен Қазақстан әйелдер теннис құрамасы әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты.
Бұған дейін ұлттық құрама тоғызыншы орында тұрған болса, жаңартылған рейтингте жетінші сатыға көтерілді. Осылайша, қазақстандық теннисшілер үздік бестікке біртабан жақындай түсті.
Рейтингтегі бұл өсім Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінде Канада құрамасын 3:1 есебімен жеңудің нәтижесінде мүмкін болды. Астанада өткен бұл матч Қазақстан командасына финалдық кезеңге жолдама алуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, турнирдің финалдық кезеңі 2026 жылдың күзінде Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.
Әлемдік рейтингте бірінші орынды Италия иеленіп тұр. Екінші орында Ұлыбритания болса, үздік үштікті Украина түйіндейді.



