ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Ислам Медетбай жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Ислам Медетбай Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалға дейін жетті. Алайда финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Осылайша, Ислам Медетбай Қазақстан құрамасының қоржынына осы турнирдегі екінші қола медальді салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button