
Қазақстан құрамасы таеквондодан Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
Қола медальді Ерасыл Ерзат иеленді.
Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетіп, осы кезеңде Аль-Юсуфи Фахадқа қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалды. Нәтижесінде жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.



