
Теннистен Қазақстан әйелдер теннис құрамасы Астанада өткен Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінде Канада құрамасын жеңіп, финалдық кезеңге жолдама алды.
Алғашқы ойын күнінен кейін есеп тең болды. Юлия Путинцева Кайла Кроссты 6:3, 7:5 есебімен жеңсе, Соня Жиенбаева Бьянка Андрееску қарсы матчта 4:6, 6:7 есебімен жеңілді.
11 сәуірде өткен жұптық кездесуде Анна Данилина мен Жібек Құламбаева дуэті Андрееску / Кросс жұбын 7:5, 6:1 есебімен жеңді.
Шешуші кездесуде Юлия Путинцева Бьянка Андрееску қарсы тартысты матчта 7:6, 3:6, 7:6 есебімен басым түсіп, жалпы есепті 3:1-ге жеткізді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды. Финалдық кезең биыл күзде Қытайда өтеді.



