
Қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль иеленді.
92 келіге дейінгі салмақтағы үшінші орын үшін өткен белдесуде ол жапониялық Такаши Ишигуроға қарсы айқаста сенімді жеңіске жетті.
Дәулетбеков алғашқы кезеңде бірнеше нәтижелі әдіс жасап, 6:0 есебімен алға шықты. Екінші кезеңде есеп өзгеріссіз қалып, қазақстандық балуан басымдығын сақтап қалды.
Осылайша, Азамат Дәулетбеков Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салды.



