
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан күміс жүлдегер атанды.
70 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз иорданиялық Зеяд Ишаишқа қарсы айқаста жеңіліп қалды.
Алғашқы раундта Сабырхан 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раундта қарсыласы есепті теңестіріп, шешуші кезеңге тең жағдайда жетті.
Соңғы раундта Ишаиш басымдық танытып, төрешілер жеңісті соған берді. Осылайша, Төрехан Сабырхан Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады.



