
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов алтын медаль жеңіп алды.
75 келіге дейінгі салмақтағы финалда отандасымыз өзбекстандық Жавохир Абдурахимовқа қарсы айқаста сенімді жеңіске жетті.
Алғашқы раундта Аққалықов 4:1 есебімен басым болды. Кейінгі екі раундта да өз артықшылығын сақтап, жекпе-жекті толық бақылауда ұстады.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Сабыржан Аққалықовқа берді.
Осылайша, қазақстандық боксшы Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.



