
2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарып, Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальді салды.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз өзбекстандық Жасурбек Юлдошевқа қарсы айқаста айқын басымдық көрсетті.
Нұрбек Оралбай жекпе-жекті сенімді бастап, алғашқы үшминуттықты 5:0 есебімен өз пайдасына шешті. Екінші раундта да басымдықты сақтап, қарсыласынан үстем түсті.
Қорытындысында қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.



