
Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатын қола медальмен аяқтады.
48 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда ол моңғолиялық Номундари Энх-Амгаланға қарсы айқаста 0:5 есебімен жеңілді.
Осылайша, Сәттібаева құрлық біріншілігінде жүлдегерлер қатарына еніп, қола медаль иеленді.



