
Қырғызстанның Бішкек қаласында басталған күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңістерін тіркеді.
87 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалда оңтүстіккореялық Ли Сынхванды 7:1 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық балуан жартылай финалға жолдама алып, жүлдеге бір қадам жақындады.



