
Ташкентте (Өзбекстан) өтетін таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.
Қазақстан таеквондо федерациясының мәліметінше, ел намысын 20 спортшы қорғайды. Қыздар құрамында Шахризода Акрамова, Айым Серікбаева, Сұлу Абибулла, Жанеля Жақсылықова, Элеанора Шералы, Нұрайлым Бақытжанқызы, Эвелина Абдрасулова, Любовь Юн, Балгерім Өтеген және Сабина Туртулова бар.
Ұлдар құрамында Сағи Мәдиұлы, Ерасыл Ерзат, Әділет Шері, Ислам Медетбай, Нұралы Махмұт, Мұхаммедәлі Махмұт, Алидар Абдукаримов, Жанайбек Шамұратов, Бекзат Ғазиз және Аманай Құралбаев өнер көрсетеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 12-17 сәуір аралығында өтеді.



