ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан FIFA рейтингінде төрт сатыға көтерілді

Наурыз айындағы халықаралық матчтардың қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA рейтингінде 114-орыннан 110-орынға көтерілді.

Бұл өсім команда үшін маңызды нәтижелердің бірі болды. Әсіресе FIFA Series турниріндегі сәтті ойындар рейтингтегі позицияның жақсаруына әсер етті.

Қазақстанмен бір турнирде ойнаған Комор аралдары үш сатыға төмендеп, 109-орынға түсті. Ал Намибия құрамасы екі позицияға сырғып, 120-орынға жайғасты.

Орталық Азиядағы көршіміз Өзбекстан құрамасы да алға жылжып, 52-орыннан 50-орынға көтерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button