
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов FIFA Series турнирі аясындағы Комор аралдарына қарсы ойын алдында команда жағдайына тоқталды.
Маманның айтуынша, қарсылас құрамында Еуропада өнер көрсететін футболшылар бар, алайда қазақстандықтар алдағы матчқа толық дайын.
Байсуфинов Намибиямен өткен ойында бірқатар тактикалық кемшіліктер болғанын атап өтті. Оның сөзінше, ойыншылардың жылдамдық пен шешім қабылдау деңгейі күткендегіден төмен болған. Қазір жаттығу барысында осы бағыттарға ерекше назар аударылып жатыр.
Сондай-ақ бас бапкер құрамға жаңа ойыншылар шақырылып жатқанын айтып, олардың команданың ойын стиліне бейімделуі маңызды екенін жеткізді. Ол әр футболшыға ойын тәжірибесін беру жоспарда бар екенін де атап өтті.
Бапкердің пікірінше, алдағы матчта қорғанысқа ғана сүйену нәтиже бермейді. Команда жеңіс үшін шабуылға басымдық беріп, белсенді ойын көрсетуі тиіс.
Еске салайық, турнирдегі ұпай саны бойынша Қазақстан – 3, Намибия – 2, ал Комор аралдары – 1 ұпай жинаған.



