ТЕННИСТРЕНДТЕ

Рыбакина Майамиде жартылай финалға шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пегула қарсы ойнап, тартысты кездесуде жеңіске жетті. Алғашқы сетте қарсыласына 2:6 есебімен есе жіберген Рыбакина кейінгі екі партияда 6:3, 6:4 нәтижесімен басым түсіп, матч тағдырын өз пайдасына шешті.

Енді қазақстандық спортшы финал жолдамасы үшін әлемнің үздік теннисшілерінің бірі Арина Соболенко мен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button