БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстан Азия чемпионатына баратын боксшылар құрамын жариялады

Қазақстан құрамасы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін анықтады.

Ерлер құрамасында Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай секілді көшбасшылар бар. Олар әртүрлі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды.

Әйелдер құрамасында Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Надежда Рябец және Дина Исламбекова сынды тәжірибелі спортшылар өнер көрсетеді.

Құрлықтық дода 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді. Турнир барысында қазақстандық боксшылар түрлі салмақ дәрежелерінде медальдар үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button