ТЕННИСТРЕНДТЕ

Рыбакина Майамиде сенімді жеңіспен келесі кезеңге өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.

Үшінші кезеңде қазақстандық спортшы украиналық Марта Костюк қарсы ойнап, екі сетте жеңіске жетті. Бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түссе, екінші сетте 6:4 нәтижесі тіркелді.

Матч 1 сағат 22 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Елена 1 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдаланды. Ал Костюк 3 эйс орындағанымен, бірде-бір брейк мүмкіндігін жүзеге асыра алмады.

Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін аустралиялық Талия Гибсон мен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button