ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ

Қазақстан құрамасы көкпардан әлем чемпионы атанды

Түркістан қаласында өткен көкпардан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды.

Финалда отандастарымыз Өзбекстан командасын 9:2 есебімен жеңіп, турнирдің басты жүлдесін иеленді. Шешуші кездесуде қазақстандық көкпаршылар жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, қарсыласынан айқын басым түсті.

Осылайша, ұлттық құрама 9 жылдық үзілістен кейін қайта ұйымдастырылған әлем чемпионатында топ жарып, чемпиондық атақты қайтарды. Күміс медаль Өзбекстан құрамасына бұйырса, үшінші орынды Ауғанстан командасы иеленді.

Айта кетейік, дүбірлі додаға әлемнің 9 елінен командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар қатарында Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button