ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Петропавлда Паралимпиада чемпионына пәтер берілді

Петропавлда Наурыз мерекесі аясында өңірдің үздік спортшыларына құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Салтанатты шара барысында Ербол Хамитов үш бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды. Ол қысқы Паралимпиада ойындарында алтын және қола медаль жеңіп алып, ел мерейін асқақтатқан еді.
Сондай-ақ, Олимпиадаға қатысушы Надежда Морозова екі бөлмелі пәтермен қамтамасыз етілді. Ал халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсеткен Шумековалар отбасына үш бөлмелі баспана табысталды.
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов спортшылардың жетістігі ел абыройын арттыратынын атап өтті.
Мереке аясында бұдан бөлек бірқатар спортшы мен жаттықтырушыларға ақшалай сертификаттар да берілді.



