ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Асылхан Асан әлем чемпионы атанды

Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Швейцарияның Айроло қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз жекелей сайыста жоғары нәтиже көрсетіп, финалда 103.35 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш оған жарыс жеңімпазы атануға мүмкіндік берді.
Финалдық бәсекеде екінші орынды Дінмұхаммед Райымқұлов иеленсе, үздік үштікті Беларусь өкілі Владислав Вазнюк түйіндеді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы тағы бір ірі халықаралық додада топ жарып отыр.



