ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Астана 2030 жылғы жабық кешендегі әлем чемпионатын қабылдайды

Астана жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізу орны болып ресми түрде таңдалды.

Бұл шешім World Athletics кеңесінің Польшадағы Торунь қаласында өткен отырысында жарияланды.

Әлем чемпионаты Қазақстан астанасында 2030 жылдың 15–17 наурызы аралығында өтеді.

Сондай-ақ халықаралық федерация алдағы ірі жарыстардың өтетін орындарын да анықтады. 2028 жылы жабық кешендегі әлем чемпионаты Үндістанның Одиша өңірінде ұйымдастырылады. Ал Қытайдың Хэфэй қаласы 2028 жылғы спорттық жүрістен командалық әлем чемпионатын қабылдайды.

Айта кетейік, Астана бұған дейін де жеңіл атлетикадан ірі жарыстарды өткізген. 2023 жылы елордада жабық кешендегі Азия чемпионаты ұйымдастырылса, 2024 және 2025 жылдары World Indoor Tour Gold сериясының кезеңдері өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button