
World Boxing ұйымы әйелдер және ерлер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.
Әйелдер арасында қазақстандық боксшылар жоғары нәтижелерімен ерекшеленді. 65 келі салмақта Аида Әбікеева, ал 70 келіде Наталья Богданова рейтингтің бірінші сатысында тұр. Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова өз салмақ дәрежелерінде екінші орынға жайғасса, Виктория Графеева мен Елдана Талипова үшінші орыннан көрінді.
Ерлер арасында да қазақстандық спортшылар көшбасшылар қатарында. 50 келіде Санжар Тәшкенбай, 55 келіде Махмұд Сабырхан, 70 келіде Төрехан Сабырхан және 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай бірінші орында тұр. Ал Нұрбек Оралбай өз салмағында екінші орынға ие болды.



