
2026 жылы елордада таеквондодан бірнеше ірі халықаралық жарыс ұйымдастырылады. Жыл ішінде Астанада үш мәртебелі турнир өтеді деп жоспарланған.
Алғашқы жарыс — Altaic Cup турнирі. Ол 22–23 маусым күндері өтеді.
Одан кейін 25–27 маусым аралығында Kazakhstan Open-2026 халықаралық жарысы ұйымдастырылады.
Ал жыл соңында таеквондо күнтізбесіндегі ең беделді бәсекелердің бірі — Гран-при финалы өтеді. Бұл турнир 28–29 қараша күндеріне жоспарланған.
Аталған жарыстарға әлемнің жетекші таеквондошылары қатысып, рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды деп күтілуде.



