ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Богдан Вехов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Солт-Лейк-Сити қаласында (АҚШ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында кезекті жүлдесіне қол жеткізді.
Бұл жолы ұлттық құрама сапынан Богдан Вехов 1000 метр қашықтықта қола медаль иеленді. Қазақстандық спортшы финалдық жарыста 1:24.177 уақыт көрсетіп, мәреге үшінші болып жетті.
Аталған қашықтықта алтын жүлде Оңтүстік Корея өкілі Пак Соджунға (1:23.802) бұйырса, күміс медальді Қытай спортшысы Юйхэн Ли (1:23.903) жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның қыздар құрамасы эстафеталық жарыста үшінші орынға ие болып, ел қоржынына алғашқы медаль салған болатын.



