БОКСТРЕНДТЕ

Boxrec 2025: Қазақстанның үздік 10 боксшысы белгілі болды

Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік боксшыларының рейтингін жариялады.

Рейтингтің бірінші сатысына Жәнібек Әлімханұлы орналасты. Ол кәсіби мансабында 17 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 12 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Қазіргі уақытта орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып есептеледі. Алайда жуырда боксшы допингке байланысты тексеріске ілікті. Егер айып тағылған деректер расталса, оған дисквалификация және чемпиондық белбеулерінен айырылу қаупі төніп тұр.

Үздік үштікке сондай-ақ Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) енді.

2025 жылғы Қазақстанның үздік он боксшысы тізіміндегі өзге спортшылар:

  • Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO);

  • Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO);

  • Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 KO);

  • Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO);

  • Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 KO);

  • Ельшат Нығметолла (21-0-3, 8 KO);

  • Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO).

Boxrec рейтингі боксшылардың жекпе-жек саны, қарсыластарының деңгейі және көрсеткен нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button