
Семей қаласында ересектер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде ерлер 60 және 66 келі, ал әйелдер 48 және 52 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынады.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар:
- Тасним Абдуали (Шымкент)
- Іңкәр Құралбай (Жамбыл облысы)
- Зарина Құсадин (Алматы)
- Әсел Русланова (Атырау облысы)
60 келіге дейін:
- Талғат Орынбасар (Шымкент)
- Тоқтар Үміталиев (Батыс Қазақстан облысы)
- Нұрдәулет Мирамбеков (Қызылорда облысы)
- Асылхан Зинулин (Батыс Қазақстан облысы)
52 келіге дейін:
- Меруерт Сарсенова (Маңғыстау облысы)
- Іңкәр Төлепбергенова (Жетісу облысы)
- Аружан Ережепова (Алматы облысы)
- Сара Шугаева (Алматы)
66 келіге дейін:
- Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)
- Ақылжан Жұбатқанов (Маңғыстау облысы)
- Ақжігіт Насыр (Алматы облысы)
- Мейірбек Байзақов (Жамбыл облысы)
Чемпионат 13 қарашаға дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады.



