Спорт Министрі | Шымкент пен Жамбыл финалға шықты
ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ

Шымкент пен Жамбыл финалға шықты

Көкпардан ересектер арасындағы ел чемпионатының финалистері анықталды. 4-қазан күні басталған ел біріншілігі аясында 15 команда төрт топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтаған еді. Әр топтан үздік атанған төрт команда финалдық жолдаманы сарапқа салды. Мәселен Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы кездесіп, 11:3 есебі тіркелді. Шым қаланың жігіттері өз алаңдарында ойын тізгінін қолдарына алып, айқын басымдық көрсетті.
Спорт Министрі | Шымкент пен Жамбыл финалға шықты
Жартылай финалдың екінші ойыны Жамбыл облысы мен Астана қаласы арасында өрбіді. Бірінші кезеңнің 10-минутына дейін қос команда бір-біріне салым сала алмады.
Спорт Министрі | Шымкент пен Жамбыл финалға шықты
«Әулие-ата» жігіттеріне ұтымды сәт туып, есеп ашты. Әрмен қарай есепсіз тағы, 3-салым салынды.

Жалпы есеп 4-0.

Алайда осы чемпионат аясында Астана жігіттері ерекше жігер көрсетті. Топтық кезеңде олар азулы деген Қостанай мен Түркістан облысынан басым болды.

Осылайша финалистер анықталды.
Спорт Министрі | Шымкент пен Жамбыл финалға шықты
11-қазан сағат 9:00 бесінші орын үшін Қостанай облысы мен Алматы облысы ойнайды.

Сағат 11:00 Қызылорда облысы мен Астана қаласы қола жүлдені сарапқа салады.

Ал, 12:00 финал. Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы.

Тартысты бәсекені Qazsport телеарнасының Youtube арнасынан көре аласыздар.

Ересектер арасындағы ел чемпионатын «Көкпар» федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырып жатыр.
Спорт Министрі | Шымкент пен Жамбыл финалға шықты
Чемпионат демеушісі: Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры.

Бас серіктес: Спортты қолдау қоры.

Ақпараттық серіктес: Qazsport және 24KZ телеарналары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button