БАСҚАЛАРЫ
Алматы облысында Қазақстан Республикасының атпен мәнерлеп жүру чемпионаты өтеді

17–19 қазан аралығында Алматы облысында орналасқан «Almaty Horse & Polo Club» базасында атпен мәнерлеп жүру (выездка) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Чемпионат үш күнге созылып, бірнеше санат бойынша ұйымдастырылады:
- Балалар (10–14 жас)
- Жасөспірімдер
- Юниорлар
- Жас жылқылар (4–7 жас)
- Ересектер
Бағдарламаға халықаралық деңгейде мойындалған «Үлкен Приз», «Орта Приз» және «Кіші Приз» бағдарламалары енгізілген.
Чемпионат аясында еліміздің үздік шабандоздары өз өнерін көрсетіп, жанкүйерлерге жоғары деңгейдегі спорттық тартыс сыйлайды.



