Спорт Министрі | ҚФФ Апелляциялық комитет отырысы өтті
ФУТБОЛ

ҚФФ Апелляциялық комитет отырысы өтті

2025 жылы 26 маусымда Қазақстан футбол федерациясының Апелляциялық комитетінің отырысы өтті.

Жиында 2025 жылы 3 маусымдағы ҚФФ бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің ойыншы И.Умаевты 5 (бес) матчқа шеттету туралы шешіміне «Ақтөбе» футбол клубының апелляциялық шағымы қаралып, келесідей шешім қабылдады:

1. 2025 жылы 3 маусымдағы БТЭК шешімінің 3-абзацына өзгеріс енгізу, «Ақтөбе» облыстық футбол клубының апелляциялық шағымын қанағаттандыру, ойыншының әрекетін ҚФФ Тәртіптік регламентінің 44-бабы, 1-тармағы 4-тармақшасынан 3-тармақшасына қайта сараланды. Идрис Умаевты 4 (төрт) матчқа шеттету және 50 АЕК (196 600 теңге) көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды. Айыппұл 26 шілдеге дейін төленуі қажет.

2. Ойыншының 2 (екі) матчқа шеттету түріндегі жазаны өтегенін ескере отырып, ҚФФ Тәртіптік регламентінің 31-бабына сәйкес, қалған 2 (екі) матчқа шеттету шартты түрде қолданылады және 3 (үш) ай сынақ мерзімі белгіленеді. Егер осы уақытта тәртіп бұзбаса, шартты жаза жойылады. Ал бұзса шартты түрде тоқтатылған жаза толық көлемде іске асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button