Спорт Министрі | Диего Улисси «Астана» сапында алғаш рет жеңіске жетті
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Диего Улисси «Астана» сапында алғаш рет жеңіске жетті

Италияда өткен «Джиро делл’Аппеннино» біркүндік веложарысында XDS Astana Team шабандозы Диего Улисси бірінші болып мәреге жетіп, астаналық команда сапындағы алғашқы жеңісін тойлады.

Жарыс Нови-Лигур қаласынан басталып, Генуяда аяқталды. Жалпы ұзындығы 198,5 шақырымдық дода барысында шешуші сәт мәреге 50 шақырым қалғанда тіркелді — Улисси жеке өзі шабуыл жасап, басты қарсыластарынан ұзап кетті. Ол осы артықшылығын сақтап, жеңімпаз атанды.

Ал «Астана» командасының тағы бір мүшесі Симоне Веласко үшінші болып келіп, қола жүлдегер атанды. Бұл — қазақстандық велоклуб үшін ірі халықаралық жарыстағы кезекті табысты нәтиже.

Басқа жаңалықтар

Back to top button