БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінде үш жүлде жеңіп алды

21 маусымда Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлде жеңіп алды.
Ерлер арасында қоссырықтағы жаттығуларда Ілияс Әзізов 13.100 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Осы жаттығуда Дмитрий Патанин 12.700 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл сында алтын медальді 13.550 ұпай жинаған Ахрорхон Темирхонов (Өзбекстан) жеңіп алды.
Бөрене үстіндегі жаттығуда Көркем Ербосынқызы 12.100 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Алғашқы орынды 13.300 ұпаймен Кайлия Немур (Алжир) жеңіп алса, екінші орынды Одинахон Робиджонова (Өзбекстан) 12.500 ұпаймен еншіледі.