БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында бесінші орын алды

Қылыш қаруымен семсерлесуден ерлер арасындағы сайыстың жеңімпаздары анықталды. Қазақстандық Артём Саркисян, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев бесінші орынға ие болды. Ал алтын жүлдені Жапония құрамасы жеңіп алды. Күміс жүлде Оңтүстік Кореяға бұйырса, қола жүлдені Өзбекстан иеленді.
Ал рапирамен семсерлесуде әйелдер арасындағы командалық жарыста Алёна Гноева, София Актаева және Күлжан Түсіпбекова жетінші орынға табан тіреді.
Бұл санатта да Жапония құрамасы жеңімпаз атанды. Финалда Қытайдан басым түсті. Үшінші орынды Гонконг иеленді.