Спорт Министрі | Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір финалға бірінші орынмен шықты
БАСҚАЛАРЫ

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір финалға бірінші орынмен шықты

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды.

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ақмарал Ерекешева таспамен жаттығуда іріктеуді тағы да бірінші орынмен аяқтап, 25.700 ұпай жинады. Еске сала кетейік, ол бұған дейін доп және шығыршықтағы жаттығуларда үздік атанып, финалға шыққан болатын.

Сондай-ақ, Айғаным Рысбек те жүлде үшін бақ сынайды. Ол ұршықтармен жаттығуда төртінші нәтиже көрсетіп, финалға өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button