БАСҚАЛАРЫ
Гимнаст Ақмарал Ерекешева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына екі жаттығу бойынша да бірінші орынмен шықты

Спортшылар доп және шығыршықтағы жаттығуларда өнер көрсетті.
Екі жаттығу түрінде де қазақстандық Ақмарал Ерекешева бірінші орынды иеленді.
Гимнаст шығыршықтағы жаттығуда 26.400 ұпай, ал доппен — 25.550 ұпай жинады.
19 маусымда іріктеу кезеңінің екінші күні өтеді. Финалдық кезең 21 маусымда басталады.