Спорт Министрі | Қазақстандық таеквондошылар АҚШ-та өткен Гран-при кезеңін үш медальмен аяқтады
ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Қазақстандық таеквондошылар АҚШ-та өткен Гран-при кезеңін үш медальмен аяқтады

АҚШ-тың Шарлотт қаласында таеквондодан Гран-при сериясының алғашқы кезеңі өтті.

Қазақстан құрамасы беделді турнирді үш жүлдемен аяқтады. Ұлттық құраманың қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар.

АҚШ-та екінші орынды Нодира Ахмедова иеленді. Ол 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.

 

Үшінші орыннан Тамерлан Тілеулес (58 келіге дейін) пен Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) көрінді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button