Спорт Министрі | Ұлттар кубогы: Қазақстан волейболшылары Индонезияны таза есеппен жеңді
БАСҚАЛАРЫ

Ұлттар кубогы: Қазақстан волейболшылары Индонезияны таза есеппен жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамның Ханой қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды SportM.kz.

Бүгінгі матчта Ришат Гилязутдиновтің шәкірттері В тобы аясында Индонезиямен кездесіп, қарсыластан 3:0 (25:17, 25:12, 26:24) есебімен басым түсті.

Қазақстан құрамасы алғашқы екі партияда айқын басымдық танытты. Үшінші сетте индонезиялықтар қарсылық көрсеткенімен, капитан Сана Анарқұлова бастаған қазақстандықтар шешуші сәтте жеңісті жұлып алды.

Осылайша Қазақстан құрамасы қатарынан үш матчта жеңіске жетіп, В тобында жеке көш бастады.

Келесі ойындар:
▪️ 11 маусым — Иран
▪️ 12 маусым — Филиппин

Жарыс топтық кезеңмен жалғасуда. Финалдық кезеңге жолдама алу үшін қазақстандық қыздарға алдағы екі ойында сенімді нәтиже көрсету маңызды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button