БАСҚАЛАРЫ
Нұртаң Ыдырысов – Азия чемпионы!

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Нұртаң Ыдырысов алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды SportM.kz.
Қоссырық жаттығуының финалында Ыдырысов 13.933 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті. Күміс медальды Оңтүстік Корея спортшысы Ча Йеджун (13.833 ұпай), ал қола жүлдені жапониялық Томохару Танида (13.333 ұпай) еншіледі.
Бұл – Нұртаңның бүгінгі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол ат снаряғындағы жаттығуда 12.866 ұпаймен жүлдеге іліксе, командаласы Роман Хегай 13.800 ұпаймен сол сында топ жарған еді.
Нұртаң Ыдырысов жекелей сында бес жаттығуда финалға шығып, бір алтын және бір күміс медаль жеңіп, Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы табысын еселей түсті.