Спорт Министрі | Қазақстанның қыздар құрамалары Еуропа чемпионатындағы қарсыластарын білді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстанның қыздар құрамалары Еуропа чемпионатындағы қарсыластарын білді

2025/26 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанның 17 және 19 жасқа дейінгі қыздар құрамаларының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды SportM.kz.

Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе қорытындысы бойынша 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы В лигасының алтыншы тобына түсті. Қарсыластары – Израиль, Латвия және Мальта.

Ал 17 жасқа дейінгі құрамамыз В лигасының үшінші тобында Грузия, Босния және Герцеговина және Латвия командаларымен шеберлік байқасады.

Іріктеу ережесіне сәйкес, өз тобында бірінші орын алған алты құрама және екінші орын иеленгендер арасынан үздік көрсеткішке қол жеткізген бір команда келесі кезеңді А лигасында жалғастырады. Бұл көрсеткіште төртінші орын алған командалармен өткен ойындар есепке алынбайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button