БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үшінші орын алды

Ұлттық құрама командалық көпсайыста үшінші орынға көтерілді.
Жүлдеге қол жеткізген спортшылар: Нұртан Ыдырысов, Роман Хегай, Артём Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман және Өмірсерік Досжан.
Бірінші орынды Жапония иеленсе, екінші орынға Оңтүстік Корея құрамасы тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін ересектер құрамасы да Азия чемпионатында үшінші орынды еншілеген болатын.