Спорт Министрі | Қазыбек Нөгербек классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды
БАСҚАЛАРЫ

Қазыбек Нөгербек классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Елордада өткен классикалық шахматтан ел чемпионатында астаналық Қазыбек Нөгербек алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды.

Жоғары деңгейдегі додаға еліміздің ең үздік рейтингке ие 14 шахматшысы қатысып, шахмат тақтасында тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ерлер арасындағы басты бәсеке Қазыбек Нөгербек пен Денис Махнев арасында өрбіді. Турнир қорытындысы бойынша олар бірдей ұпай жинап, чемпион тағдыры қосымша рапид және блиц партиялар арқылы шешілді. Шешуші кезеңде Қазыбек жеңіске жетіп, өзінің спорттық мансабындағы маңызды жетістікке қол жеткізді.

Әйелдер арасында елордалық Меруерт Камалиденова 8,5 ұпаймен үшінші орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды. Тағы бір елордалық шахматшы Жандос Ағманов турнирді 4-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры — 20 миллион теңге болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button