
Таиланд астанасы Бангкокта өткен Thailand Open халықаралық турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 3 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды SportM.kz.
Жекелей сында келесі спортшыларымыз жеңімпаз атанды:
- 60 келі: Виктория Графеева — алтын медаль
- 70 келі: Наталья Богданова — алтын медаль
- +80 келі: Елдана Талипова — алтын медаль
Сондай-ақ, екі боксшымыз финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді:
- 75 келі: Надежда Рябец — күміс медаль
- 80 келі: Гүлсая Ержан — күміс медаль
Қазақстандық қыздар бұл турнирде өздерінің жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, ұлттық құраманың әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.