Спорт Министрі | Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» ықтимал қарсыластары белгілі болды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» ықтимал қарсыластары белгілі болды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының UEFA Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі мүмкін қарсыластары анықталды, деп хабарлайды SportM.kz.

UEFA ережесіне сәйкес, «Қайрат» еленген (сеянсті) командалар қатарына енді. Турнирдің жеребесі 22 маусым күні өтеді. Ал бірінші іріктеу кезеңі 8-9 және 15-16 шілде күндеріне жоспарланған.

Қазақстандық клубтың ықтимал қарсыластары арасында Еуропаның әртүрлі елдерінен келген бірқатар мықты ұжымдар бар. Олардың қатарында:

  • Болгарияның «Лудогорец»

  • Словенияның «Олимпия»

  • Швецияның «Мальме»

  • Литваның «Жальгирис»

  • Латвияның РФС

  • Финляндияның КуПС

  • Гибралтардың «Линкольн»

  • Косовоның «Дрита»

  • Исландияның «Брейдаблик»

  • Солтүстік Ирландияның «Линфильд»

  • Черногорияның «Будучност» және басқалар бар.

«Қайрат» соңғы жылдары еурокубоктарда тұрақты қатысып жүрген командалардың бірі. Алдағы жеребе мен алғашқы айналым клуб үшін маңызды кезең болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button