
Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 97-орындағы Александр Шевченко Францияның Бордо қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына сәтті шықты.
Екінші айналымда ол дүниежүзілік рейтингте 176-орындағы франциялық Кальвин Эмериді 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Бір сағат 18 минутқа созылған кездесуде Шевченко 6 эйс жасап, мүмкіндігінше 5 брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдаланды. Ал оның қарсыласы 5 эйспен ғана көзге түсті.
Александр Шевченконың ширек финалдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.