Спорт Министрі | Таэквондошы Жантөре Сағынғали әлем чемпионы атанды
ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Таэквондошы Жантөре Сағынғали әлем чемпионы атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан WT таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медальға ие болды, деп хабарлайды sportm.kz.

65 келіден жоғары салмақта сынға түскен Сағынғали Жантөре финалда украиналық Максим Шудженконы сенімді жеңіп, әлем чемпионы атанды. Бұл – Қазақстан құрамасының осы біріншіліктегі екінші алтын медалі. Бұған дейін 61 келі салмақта Ромашкин Хамзаальпер чемпион атанған болатын.

Сонымен қатар, қыздар арасында да отандастарымыз жүлдесіз қалған жоқ. 47 келіде сынға түскен Алла Цой мен 51 келіде өнер көрсеткен Аида Гожалимова әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button