Спорт Министрі | Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланды
ТРЕНДТЕХОККЕЙ

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланды

Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі ойын күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Биылғы біріншілік Данияның Хернинг қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы В тобында бақ сынайды. Қарсыластары – Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі (В тобы, Хернинг):

  • 10 мамыр, 15:20 — Норвегия – Қазақстан

  • 11 мамыр, 19:20 — Германия – Қазақстан

  • 13 мамыр, 23:20 — Қазақстан – Мажарстан

  • 14 мамыр, 23:20 — Қазақстан – Дания

  • 17 мамыр, 19:20 — Чехия – Қазақстан

  • 18 мамыр, 19:20 — Қазақстан – АҚШ

  • 20 мамыр, 15:20 — Финляндия – Қазақстан

Ал А тобының матчтары Швецияның Стокгольм қаласында өтеді. Онда Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия, Франция және Словения құрамалары күш сынасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button