
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Загребте (Хорватия) өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportm.kz.
Попко дүниежүзілік рейтингте 342-орында тұрған хорватиялық Матей Додигпен күш сынасты. Бұған дейін қос теннисші екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен болатын.
Бұл жолы екі сет те 6:4 есебімен Дмитрий Попконың пайдасына аяқталды. Шамамен екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық спортшы эйс жасамағанымен, 9 брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдаланды. Ал қарсыласы Додиг 2 эйс қана жасап, басқа сәттерде нәтижелі ойын көрсете алмады.
Дмитрий Попко енді ширек финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 270-орында тұрған тағы бір хорватиялық Мили Поличак немесе 348-орындағы босниялық Нерман Фатичтің қай жеңгенімен кездеседі.