
Болгарияда өткен «Странджа» турнирінде еліміздің ерлер құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, медаль саны бойынша көш бастады, деп хабарлайды sportm.kz.
«Странджа кубогы» халықаралық турнирінде ұлттық ерлер құрамасы жалпы саны 18 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте көш бастап отыр. Екінші орынға тұрақтаған Өзбекстан боксшылары 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болды.
Ұлттық құрама мүшелері арасында Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Бекзат Нұрдәулетов 86 (кг) чемпион атанды. Сондай-ақ, ел боксшылары арасында Төрехан Сабырхан «Странджа» турнирінің ең жас жеңімпаз ретінде тарихқа енді.
Бұдан бөлек, Даниял Сәбит (51 кг), Тимур Қабдешов (54 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Фарух Тоқтасынов (71 кг), Тимур Нұрсейітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Нұрбек Оралбай (86 кг), Айбек Оралбай (+92 кг) күміс медальға ие болды. Ал Теміртас Жүсіпов (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Данияр Рахымбердиев (92 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.