БАСҚАЛАРЫ
«Астана» қатарынан 27 рет жеңілді

27 ойын, 27 жеңіліс. «Астана» баскетбол клубы биылғы маусымды өте сәтсіз өткізіп жатыр.
Ресейдің ВТБ лигасында өнер көрсететін қазақстандық команда бұл жолы «Новогород қаласының «Пари» клубымен кездесті. Сырт алаңда өткен матч 66:62 есебімен аяқталды. Нәтижесінде, 27 турдан кейін «Астана» бірде бір ұпай жинай алмай турнир тізіміндегі 12 команда арасында ең соңғы сатыға жайғасты.
Глеб Плотников баптайтын жігіттер енді келесі кездесуін 29-шы қаңтарда өткізеді. Астанада Сарама қаласының «Самара» клубын қабылдайды.