Спорт Министрі | Әлімханұлы мен Адамес арасындағы титулдық жекпе-жек өтпей қалды – себебі белгілі болды
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Әлімханұлы мен Адамес арасындағы титулдық жекпе-жек өтпей қалды – себебі белгілі болды

Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері жөніндегі Бас басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы жекпе-жектің неге болмай қалғанын ашық айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас 22 қарашада Эр-Риядта өтетін “Чемпиондар түні” шоуының аясында ұйымдастырылуы тиіс еді. Кештің басты жекпе-жегі Давид Бенавидес пен Энтони Ярд арасында өтеді деп жоспарланған.

Алайда келіссөздер кезінде Адамес тарапынан кідірістер болған.

«Мен ашық айтамын: Адамес менің уақытымды зая кетірді және өз мүмкіндігін жіберіп алды. Біз оған жақсы ұсыныс жасадық, бірақ бірнеше күн бойы жауап бермеді. Кейбір түсініксіз ұсақ-түйек мәселелер шығып, ақырында мен ұсынысты қайтарып алдым. Жәнібек тарапынан ешқандай қиындық болған жоқ. Жекпе-жектің өтпеуіне себеп – Адамес», – деді Турки Әл аш-Шейх.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері, ал Карлос Адамес WBC титулына ие. Осылайша, үш белбеу сарапқа салынатын біріккен жекпе-жек жүзеге аспай қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button